«Таза Қазақстан»: тазалық пен абаттандыру бойынша апта қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» аясында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуын бақылау жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада полицейлер өңірдің әртүрлі қоғамдық орындарында бірқатар құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың арасында гараж қақпасына жазу жазудан бастап, жерге темекі тұқылын тастауға дейінгі жағдайлар бар.
Өскемен қаласында гараж қақпасына жазу жазған әйелге сот шешімімен 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Әуежай аумағында темекі тұқылын жерге тастау және темекі шегуге тыйым салынған жерде электронды темекі пайдалану деректері тіркелді. Әміре Қашаубаев көшесінде де қоғамдық орынды ластау фактісі анықталды. Тағы бір жағдай Егорова көшесіндегі тұрғын үй ауласында болған. Онда кәмелетке толмағандар алкоголь ішкен.
Бір апта ішінде абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 42 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 2-бөлігі бойынша тағы 5 хаттама рәсімделді. Сонымен қатар 3 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, жойылды.
Тазалық пен тәртіп әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады. Қоғамдық орындарға ұқыпты қарау — баршамызға ортақ жауапкершілік.
«Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









