Халықты әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 28 қазанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен халықты әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістер мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Іс-шараға аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.

    Отырыс барысында Отбасының цифрлық картасының «А» және «В» санаттарына жатқызылған үй шаруашылықтарын верификациялау, сауалнама нәтижелері және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

    Азаматтарды жеке құлағдар етуге, әлеуметтік жәрдемақылар берудегі алдағы өзгерістерді түсіндіруге және мемлекеттік қолдаудың атаулылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

    Отырыс қорытындысы бойынша аудандар мен қалалар жұмысының үйлестірілуін күшейту, үй шаруашылықтары туралы мәліметтердің сапалы тексерілуін, азаматтарға жедел кеңес берілуін қамтамасыз ету және мұқтаждық қағидатын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары