Халықты әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістер мәселелері жөніндегі штабтың отырысы өтті

    1 / 5

    2026 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен халықты әлеуметтік қолдау жүйесіндегі өзгерістер мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.

    Отырысқа аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, бейінді басқармалар мен мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өкілдері қатысты.

    Қатысушылар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақының 14 түрін беру тәртібіне енгізілетін алдағы өзгерістерді, әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мәселелерін, Отбасының цифрлық картасының деректерін өзектендіруді және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды талқылады.

    Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті жерлердегі жұмысты үйлестіру жөніндегі міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" жаңалықтары