Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
2026 жылғы 16–17 қазанда Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина басқарма басшысының орынбасары Е.Қ. Мұхамединмен бірлесіп, Бұланды және Ақкөл аудандарында Отбасының цифрлық картасының «А» және «В» санаттарына жатқызылған азаматтардың деректерін өзектендіру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс сапарлары аясында Макинск және Ақкөл қалаларына, сондай-ақ аталған аудандардың Қараөзек, Вознесен және Еңбек ауылдық округтеріне жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.









