Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Әміренованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету,өндірістік жарақаттану және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері қаралды.
Жыл басынан бері облыста әлеуметтік төлемдері бойынша берешек 10% — ға-903,3 млн теңгеден 812,9 млн теңгеге дейін төмендегені атап өтілді. Сонымен қатар, жекелеген өңірлерде, соның ішінде Қосшы қаласында, Ақкөл, Аршалы және Бұланды аудандарында берешектің өсуі байқалды. Қатысушылар берешектің пайда болу себептері мен өтеу шараларын талқылады.
Темір жол саласы кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға ерекше назар аударылды. Көкшетау қаласында көпсалалы облыстық аурухана салу кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуы туралы бейнеролик көрсетілді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасарыУ. Бейсембаев қатысушыларды өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың жазында «Capital Projects LTD» ЖШС кәсіпорнында және «Қазахалтын» ЖШС «Бестөбе кентінде» өліммен аяқталған жазатайым оқиғалардың мән-жайлары қаралды. Кәсіпорын өкілдері оқиғалардың себептері мен олардың алдын алу шаралары туралы баяндады.
Сондай-ақ, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінің мәліметтері мен міндетті зейнетақы жарналары туралы деректер арасындағы алшақтық, сондай-ақ қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті одан әрі қысқарту, өндірістік жарақаттанудың алдын алуды күшейту және қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер белгіленді.









