Астанадағы хостелдерде өрт қауіпсіздігіне арналған рейдтер өтіп жатыр

    Астанада хостелдерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және уақытша тұратын орындарда өрттің алдын алу жұмысы тұрақты жүріп жатыр. Өрт сөндірушілер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты түрде рейдтер өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Рейд кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, өрт дабылы мен хабарлау жүйелерінің жарамдылығына, эвакуациялық шығу жолдарының жай-күйіне, өрт сөндіргіштердің болуына және электр жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына ерекше назар аударылады.

    Хостелдерді тексеруге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен және полиция өкілдерімен бірге барады. Олар нысан иелері мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі талаптарын және өрт шыққан жағдайда не істеу керектігін түсіндіреді. Сонымен қатар ережелерді сақтамау мүлікке зиян келтіріп, адам өліміне әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

    Заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қабылданып, кемшіліктердің жойылуы бақылауға алынады.
    Басты мақсат – ықтимал қауіп-қатердің алдын алып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары