1 / 8
Жаңасемей ауданы әкімінің орынбасары Жандос Жасұланұлы Ертіс ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, саябақ аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.
Сапар барысында құрылыс жұмыстарының барысы, орындалу сапасы мен белгіленген мерзімге сәйкестігі қаралды. Сонымен қатар абаттандыру жұмыстарына назар аударылып, жауапты мердігерлерге бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімінің орынбасары жұмыстардың сапалы әрі уақытылы аяқталуы қажеттігін атап өтті. Жобаның іске асырылуы тиісті бақылауда болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








