1 / 6
Ертіс ауылдық округінің әкімі Д.Омаров Прииртышское ауылының орталық саябағына мониторинг жасап, елді мекенді көркейту жұмыстарының барысын бақылады.
Саябақты жаңғырту жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Қазіргі таңда нысанның қоршауын ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, аумаққа брусчатка төсеу және саябақ ішін абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Округ әкімі жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң назарда ұстауда.







