1 / 5
Абай облысының әкімі Б.Уәлидің өңіріміздің сәулеттік келбетін жақсарту және тұрғындар үшін заманауи әрі жайлы орта қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Түсіндіру жұмыстары барысында ауыл аумағындағы барлық сауда объектілері мен дүкен иелеріне тиесілі нысандардың сыртқы келбетін, қасбеттерін (фасад), маңдайшаларын және көрнекі ақпарат элементтерін заманауи талаптарға сай жаңғырту (модернизациялау) қажеттігі жеткізілді.






