Жетісу облысында Сарыөзек вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

    1 / 7

    Жетісу облысында 1940 жылы салынған Сарыөзек станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздің 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді.

    Қайта жаңғырту барысында жалпы ауданы 137 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал ғимараты жаңартылды. Вокзалдың қасбеті, ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік коммуникациялар мен жолаушылар перроны жаңғыртылды.

    Ғимараттың қасбеті металл сайдингпен қапталып, жертөле гранитпен әрленді, ал еденге керамогранит төселді. Сонымен қатар қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін есіктер орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында отандық өндірістің материалдары пайдаланылды.

    Сарыөзек станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Алматы, Семей, Талдықорған, Өскемен, Астана, Қарағанды және Балқаш қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының қалаларымен көлік қатынасын қамтамасыз ететін 22 жолаушылар пойызы өтеді.

    Жобаны іске асыру нәтижесінде станцияның жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылып, жолаушылар үшін қолайлылық пен қауіпсіздік деңгейі артты. Сонымен қатар жолаушылар ағынына қызмет көрсету үшін заманауи жағдайлар жасалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары