Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

    АНЫҚТАМА

    (Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен2026 жылдың 6 ай қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы)

    Қызылорда қаласы 20.07.2026 ж.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі- Департамент) басшысының 03.07.2026ж. №34-н/қ бұйрығымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде арнайы жұмысшы тобы құрылып, бұл топпен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау қызметіне әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

    Ішкі талдаумен Департамент қызметіне қатысты актілерде, ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде тексеру субъектілеріндегі тексерулер барысында заңнаманың сақталуы, жеке және заңды тұлғалар жолданымдарын қарау жайы қамтылды.

    Департамент халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

    Департамент бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі –2026 жылғы 6 ай қорытындысы, талдау жүргізу аралығы 8.01 - 30.06.2026 ж.

    2026 жылғы 6 айда Департамент құрылымында Департамент басшысы, Департамент басшының орынбасары және 6 бөлім.

    Департаменттің штат кестесі бойынша мемлекеттік қызметшілер саны – 29.

    Қызметшілер құрамы жағынан 30-39 жасқа дейін – 8 адам, 40- 49 жасқа дейін – 5 адам, 50-ден асқандар – 16 адам.

    Ұлт құрамы бойынша: 28 қазақ, 1 кәріс.

    Білімдері бойынша 29 қызметкер жоғары білімді, оның ішінде 11 - экономист, 2 - заңгер, 15 - дәрігер қызмет атқаруда.

    Департамент бойынша 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жоспары бекітілген.

    Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Департамент қызметкерлерімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, 6 рет құқықтық оқулар өткізіліп, газет беттерінде 6 рет мақала жарияланды.

    Департамент қызметкерлері арасында қызмет барысында және қызметтен тыс кезде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін қолтаңбасын қойғызу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасымен белгіленген нормалар таныстырылған.

    Департамент басшылығымен қызметкерлер тарапынан этикалық нормалардың сақталуы ұдайы талап етіледі.

    Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары туралы декларацияның уақытылы тапсырылуы бақылауға алынған.

    Департаментпен әр тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңнамаға сай толық, тиянақты қаралуы, оларға берілген жауаптардың толықтылығы мен объективтілігіне талдау жасалып, зерделеніп, нәтижесі аппараттық мәжілісте қаралып, тиісті шешім қабылдануда.

    2026 жылғы 6 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың 910 өтініші түсіп, оның 745 әкімшілік рәсім тәртібімен мерзімінде қаралып, 132 басқа мемлекеттік мекемелерге жолданып, 33 өтініш қаралу үстінде.

    Өтініштердің негізгі себептері еңбек өтілдерін растау бойынша, мүгедектігі бар адамдардың мүгедектік тобын қайта қарау.

    Департамент басшысының жеке қабылдауында 34 жеке тұлғаға, Департамент басшысының орынбасарының жеке қабылдауында 18 жеке тұлғаға заңнама талаптары түсіндірілді

    Есепті мерзімде ҚР ӘРПК-мен көзделген жолданымдарды қарау мерзімдерін бұзу фактілері орын алмаған.

    Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен мекемелер мен кәсіпорындарда профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және мониторингтер жүргізу барысында және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен мүгедектерді куәландыру барысында заңнама талаптарын бұлжытпай сақталуы бақылауға алынған.

    Instagram, Facebook, TikTok, Telegram әлеуметтік желісінде Департамент парақшасы ашылған, онда Департаменттің ағымдағы жұмыстары туралы жарияланымдар жарық көреді.

    Департаменттің ресми сайтында «Адалдық алаңы» арнайы бөлiгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпарат орналастырылған.

    2026 жылғы 6 айда сыбайлас жемқорлық көрiнiстер жөнінде БАҚ-да Департамент қызметкерлерiне қатысты сыни жарияланымдар болған жоқ.

    Департамент басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі ғимараттың көпшілікке көрінетін жерінде орналастырылған, қабылдау уақыттары туралы ақпарат жартыжыл сайын облыстық басылымдарға жариялануда.

    Департаментке келіп түсетін арыз-шағымдарға арналған жәшік орналастырылған, «сенім телефоны» тұрақты жұмыс жасайды.

    Департамент қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын қабылдау, дайындау, сақтау, толтыру жұмыстары уақытылы және сапалы жүргізілген.

    Қызметкерлердің жұмыс уақыты есебінің табелі ай сайын жүргізіледі.

    2026 жылғы 6 айда Департамент бойынша 115 бұйрықтар ( негізгі қызмет- 49, жеке құрам – 66) жобасына құқықтық зерделеу жүргізіліп, қорытындысымен заңбұзушылықтар анықталған жоқ.

    Жеке құрам бойынша облыс өңірлеріне 24 іс-сапар жасалған. Іс-сапар нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар анықталмаған.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау әр жартыжыл сайын жасалып, талдау қорытындысымен бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілуде.

    Департамент қызметіне қатысты құқықтық актілер мен ішкі құжаттарда және нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Департамент бойынша 2026 жылғы 6 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады.

    Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері бойынша:

    - Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын зерделеу мақсатында 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында анонимді сауалнама жүргізілді;

    - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары бұзылуының алдын алу мақсатында 2026 жылғы 6 айда 25 шара ұйымдастырылған (12 - дәріс, әлеуметтік желілер мен басылымдарда – 11 мақала, бейнесюжеттер 2);

    - Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функциялары шегінде 7 мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңестер берілген.

    Департаменттің қызметшілеріне қатысты БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жағымсыз материалдар жарияланбаған, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмаған.

    1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша:

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі Департаменттің құрылымдық бөлімі болып табылады.

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау, 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау, 3) мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, 4) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем; 5) бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, 6) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау, 7) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау, 8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, 9) көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау, 10) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, 11) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі, 12) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, 13) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау, 14) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру, 15)саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін бір жолғы ақшалай өтемақы тағайындау; 16)қайтыс болған зейнетақы және мүгедектігі бойынша төлем алушыларға жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады.

    Сонымен қатар, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте қарайды.

    Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 16 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 72 427 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    1120 іс макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

    Тағайындаудан бас тартуға 987 іс (88,1%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған.

    Қалғандарына 133 (11,9%) іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған.

    2060 іс макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 1842-жаңадан тағайындалған, 218 қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,8 % құрайды (72427).

    «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі- ААЖ) және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ) мәліметтерге мониторингтер жүргізіліп, қортындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына 5 ақпараттық хат жолданған.

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 8 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады (1 бөлім басшысы, 7- бас маман).

    Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік шара көрілмеген.

    Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    Лауазымдық міндеттер әр қызметкерге бірдей бөлінген.

    Бөлім бойынша есептемелер мен өзге де ақпараттық - талдау материалдары, анықтамалар белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

    3.Медициналық - әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі бойынша:

    Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры ақпаратты жүйеде сапалы түрде қалыптастыруын қадағалау, мүгедектік себептеріне, құрылымына және жай-күйіне мониторинг жүргізу, халықтың мүгедектiк деңгейi мен себептерiн зерделейді.

    2026ж. 6 ай қорытындыларымен шағымдану және бақылау бойынша жүргізілген қайта куәландыру барлығы -231, оның ішінде шағым бойынша -125, көзбе-көз -74, сырттай -51, барлық шешім өзгергені -49 (оның ішінде сырттай 26 (53,0%), көзбе-көз 23 (47,0%). Бақылау бойынша барлығы -106, өзгергені-56 (52,9%), күшінде қалғаны-50 (47,1%) .

    Облыс бойынша 2897 адамға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 6223 куәландыру санының 46,6% құрады. Сырттай куәландырудың алғашқы мүгедектікке жолданғаны-628, оның ішінде топты жоғарлату-169, толық оңалту-98, жартылай оңалту-144, топ ішіндегі тұрақтылық-1271, кері қайтарылғаны-71, оның ішінде алғашқы-8, қайта куәландыдағы-7, ОЖБ бойынша -6, сапасыз жіберілгені-38, оның ішінде алғашқы-8, қайта куәландыру-11, ОЖБ бойынша -25. Кері қайтарылған актілер-960.

    Бөлімде 3 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады.

    Лауазымдық міндеттер әр қызметкерге бірдей бөлінген.

    Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    1. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бойынша

    (№1, №2, № 3):

    Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері – «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетуді, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілген қызметкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген қосымша көмек түрлері мен күтімге мұқтаждығын айқындау бойынша жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімдері болып табылады.

    Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2026ж. 6 айда 6223 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2025ж.6 айда – 6536 немесе 5.0%-ға төмендеген).

    Аталған кезеңде алғашқы мүгедектік тағайындау бойынша 1269 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде- 1248 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тағайындалған (2025ж. 6 айда-1321, 73 адамға төмендеген)

    Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 14,7% құрады. ( 2025ж. 6 айда- 15,6%). Республикалық көрсеткіш 13,8% құрайды . Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 866 ересек адамдардың еңбекке жарамды жастағылар 591- 47,4%,зейнеткерлер 275 - 22,0% құрады. 18 жасқа дейінгі балалар арасында- 382 балаға алғашқы рет мүгедектік тағайындалған, 2025ж 6 аймен салыстырғанда 73 балаға -16,0 % -ға төмендеген.

    2026ж. 6 айда қайта куәландырудан өткен 4954 мүгедектігі бар адамдар арасынан, мүгедек деп танылғаны- 3862, оның ішінде- 335 адам (8,0%) толық оңалған. Республикалық көрсеткіш 6,9%. ( 2025ж-462 (10,1%) РК-7,1). Қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 169 (11.9%) жартылай оңалтылған. Республикалық көрсеткіш 13,7% ( 2025ж. 6 айда – 182 (13,5%), сәйкесінше бұл көрсеткіш 1,6 %- ға төмендеген). Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 235-6,9% құрады. Республикалық көрсеткіш 5,9 %. (2025ж. 6 айда бұл көрсеткіш 280-7.4% құраған, яғни биылғы 6 айда 0,5%-ке төмендеген) .

    Есепті мерзімде медициналық мекемелермен МӘС-ға 93 (оның ішінде, 22 көзбе- көз негізсіз, 71 проактивті сырттай куәландыру бойынша, оның ішінде 23- негізсіз, 48- сапасыз) жолданған бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шаралар қолдану үшін 22 ақпараттық хат жолданды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетілетін 3 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдеріне, әдіснама және бақылау бөліміне дыбысы жазылатын бейнекамералар орнатылған.

    Сонымен қатар, көшпелі сараптама өткізу кезінде қолдану үшін 3 дана бейнебақылау камерасы іссапарлар барысында қолданылуда.

    Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған.

    1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бойынша:

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі – мемлекеттік мекемелерде және кәсіпкерлік субъектілерінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімі болып табылады.

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салалары бойынша талаптардың орындалуына тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүргізеді.

    Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен
    2026 жылғы 6 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес
    8 субъектіге профилактикалық бақылау және 4 субъектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 12 субъектіге тексеру шараларымен қамтылды .

    Профилактикалық бақылау жүргізілген 8 субъекті бойынша
    21 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 8 нұсқама берілді.

    Жоспардан тыс жүргізілген 4 субъектіде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 2 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 2 нұсқама берілді.

    Анықталған барлығы 23 заңбұзушылықтың 20 (87%) заңбұзушылығы жойылған.

    Қалған 3 (13%) заңбұзушылықты жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.

    2026 жылғы 6 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 7-ден 8-ге көбейген.

    Заңбұзушылықтар саны 37-ден 23-ке азайған, оларды жою жөнінде берілген нұсқамалар саны 7-ден 10-ға көбейген.

    2026 жылғы 6 айда жоспардан тыс 4 тексеру жүргізіліп, 1 лауазымды тұлғаға, және прокуратураның ұсынымымен 12 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 340 750 тенгеге 13 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленген. (Анықтама үшін: 2025 жылғы 6 айда жоспардан тыс 6 тексеру жүргізіліп,1 лауазымды тұлғаға, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, 1 жеке кәсіпкерге және прокуратураның ұсынымымен 11 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 651 440 тенгеге 14 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді).

    Бөлім тарапынан есептемелер мен өзге де ақпараттық - талдау материалдары, анықтамалар, баяндамалар белгіленген мерзімдерде ұсынылады.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде 4 қызметкер жұмыс атқарады .

    Есепті кезеңде тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметкерлер болған жоқ.

    Бөлімде мүдделер қақтығысы жағдайлары орын алмаған.

    Бөлімнің әр қызметкерінің лауазымдық жүктемесі бірдей бөлінген.

    Департаментпен алдағы уақытта орындалатын міндеттер:

    1. 1. Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен «Е–Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы мемлекеттік қызмет көрсетуде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалымен ұсынылған құжаттардың толықтығы мен негізділігін мұқият қарап, зерделеуді жүзеге асыру;
    2. 2. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен «Мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету барысында медициналық мекемелердің дәрігерлік-кеңестік комиссияларының 031/е нысаны бойынша жолдамасы мен ұсынылған медициналық құжаттарды мұқият зерттеп, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» талаптарына сәйкес, обьективті шешім қабылдауға бақылауды күшейту;
    3. 3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды пәрменді жүргізу;
    4. 4. Бөлімдер қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында тиісті зерделеу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу.

    Жұмысшы топ жетекшісі:

    А. Сагимбаева

    Жұмысшы топ мүшелері:

    А. Маханова

    З. Нагиметова

    М. Жұмағалиева

    Д. Бектұрсынов

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы қызмет көрсеткіштері 01.09.2026ж. жағдай бойынша

    1.Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру1.1. Халық саны: 846,5 мың адам1.2. Төлем алушылар – 303 174Санаттар:-зейнеткерлер – 92 353 адам;- мүгедектік бойынша жәрдемақы – 25 427 адам;- асыраушысынан айырылу бойынша жәрде...

    Ереже

    Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі ережесі