1 / 4
Республика күніне орай №28 мектеп-гимназиясында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және еліміздің тарихына деген құрметті арттыру.
Мерекелік концерт барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Шара туған жерге деген сүйіспеншілікті, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадірін айшықтады.
Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін дәріптейтін, ұлттық бірлігімізді нығайтатын маңызды мереке.
Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!









