«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекенімізде тазалық және абаттандыру жұмыстары апта сайын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Апта сайын ұйымдастырылатын жұмыстар барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазаланып, аумақтар ретке келтіріледі. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасының маңыздылығына ерекше тоқталып, тазалық пен тәртіп әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы керектігін атап өтті.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды таза ұстау және табиғатқа жанашырлықпен қарау әрқайсымыздың міндетіміз.
Таза Қазақстан – таза болашақ! Туған жерімізді көркейтуге бірге үлес қосайық!









