Абай облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында волейбол турнирін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және жасөспірімдерді спортпен шұғылдануға тарту.
Турнирге 6 волейбол командасы қатысты. Спорттық іс-шара барысында оқушылар өздерінің физикалық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, командалық рух, тәртіптілік, өзара құрмет пен жауапкершілік қасиеттерін танытты.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Спорттық демалысты ұйымдастыру профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені бұл жасөспірімдердің бойында оң өмірлік ұстанымдарды, жауапты мінез-құлықты және құрдастарымен сындарлы қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Кәмелетке толмағандарды спорттық және қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын ұстануына және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар медальдармен, кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың бос уақытын пайдалы әрі қауіпсіз ұйымдастыру, сондай-ақ жасөспірімдерді спорттық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тарту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Абай облысының прокуратурасы




