Абай облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық маңызы бар бастамаларды іске асыруды жалғастыруда.
Семей қаласында Халықаралық қарттар күніне орай №2 Семей арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағын абаттандыру бойынша іс-шара өткізілді.
Акцияға пробация қызметінің есебінде тұрған шамамен 30 адам қатысты. Олар Абай облысының прокуратурасы, пробация қызметі және мекеме қызметкерлерімен, сондай-ақ коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, іргелес аумақты тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Пробация есебінде тұрған адамдардың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы олардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
Абай облысының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған адамдарды әлеуметтік бейімдеуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ерекше көңіл бөледі.
«Таза Қазақстан» акциясы аумақтардың тазалығын сақтау, абаттандыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Абай облысында экологиялық және қоғамдық пайдалы іс-шаралар жалғасын табады.




