Семей қаласының прокуратурасы күнбағыс майын тазарту, құю және қаптау желісі бар цех салу жобасын іске асырып жатқан инвестордың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады.
«Qazaq Astyq» ЖШС Семей қаласында инвестициялық жобаны іске асыруда.
Жылжымайтын мүлік объектісін тіркеу барысында прокуратура Жаңасемей ауданының «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мекенжай мен жер учаскесі туралы мәліметтердің сәйкессіздігін анықтады.
Жергілікті атқарушы орган қажетті өзгерістерді уақтылы енгізбеген. Соның салдарынан инвестор объектіні тіркей алмай, оны пайдалануға беру рәсіміне кірісе алмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін ақпараттық жүйедегі мәліметтер өзектендірілді. Инвестор объектіні тіркеп, оны пайдалануға беру рәсімін бастады.
Аталған жағдайды қарау нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысының прокуратурасы құқықтарының бұзылуына немесе жобаларды іске асыру барысында кедергілерге тап болған инвесторларды +7 747 345 49 90 телефонына немесе 115 Call-орталығына хабарласуға шақырады.




