1 / 2
Шардара ауданының Сүткент ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Қарсыбаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жаңа спорт кешенінің ашылуы – ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам. Нысан ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі









