ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

    1 / 2
    Республика күніне орай Жетісай ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аудан әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен өткен тазалық іс-шарасына 5 мыңға жуық тұрғын қатысып, елді мекендерді абаттандыруға үлес қосты.
    Тазалық жұмыстарында мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер, экожанашырлары мен аудан жастары өздеріне бөліп бекітілген көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Автомобиль жолдары бойларындағы шөптер шабылып, ағаштар бұталды. Ал тұрғындар үйіргелік жерлерін күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартты. Сонымен қатар сенбілік барысында саябақтар мен көшелер, арық-атыздар тазаланып, жетісайлықтар белсенділік танытты.
    Іс-шараны ұйымдастырушылар сенбілік жұмыстары тек орталықтарда ғана емес барлық округтерде, елді мекендерде жыл он екі ай жалғасатынын, әрбір мекеме мен әрбір аула тұрғындарға бекітіліп берілгенін айтады.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары