"Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты" ММ
«Іле ауданының Байсерке ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) жергілікті атқарушы орган, ауыл аумағында жергілікті мемлекеттік басқару функциясын жүргізеді, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Жаңалықтар
Ашу«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәртіптің ортақ мәдениеті!
АшуРеспублика күніне орай мерекелік концерт өтті!
АшуҰстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті.
АшуҚарттар күніне орай ауылымыздың ардақты қарияларына құрмет көрсетілді.
АшуБайсерке ауылында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.
АшуБайсерке ауылдық округінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Құжаттар
Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттары
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста «Іле ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2027–2029 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының паспорттары орналастырылды. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттері, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, бюджет қаражатының көлемдері, сондай-ақ тиісті жоспарлы кезеңге арналған оларды пайдалану бағыттары туралы ақпарат қамтылған. Сондай-ақ құжаттармен «Ашық бюджеттер» интернет-порталындағы «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде мына мекенжай бойынша танысуға болады: https://budget.egov.kz/
«Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2026 жылға арналған азаматтық бюджеті
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурста «Іле ауданы Байсерке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған нақтылау кезеңіндегі азаматтық бюджеті орналастырылды. Азаматтық бюджет мемлекеттік мекеме бюджетінің қалыптастырылуы мен нақтылануы, шығыстардың негізгі бағыттары, сондай-ақ іс-шараларды іске асыруға және мемлекеттік мекеменің қызметін қамтамасыз етуге көзделген бюджет қаражатының көлемдері туралы ақпаратты қамтиды. Құжатпен «Ашық бюджеттер» интернет-порталындағы «Азаматтық бюджет» бөлімінде мына мекенжай бойынша танысуға болады: "https://budget.egov.kz/"