Қарттар күніне орай ауылымыздың ардақты қарияларына құрмет көрсетілді.

    1 / 5

    2026 жылғы 1 қазанда Қарттар күніне орай ауылымыздағы жалғызбасты қарттар мен ұзақ ғұмыр кешкен тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды.

    Бұл игі шара – аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықтың, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесіне деген алғыстың белгісі. Қарияларымызға көңіл бөліп, қолдау көрсету – баршамыздың ортақ парызымыз.

    Осы қайырымдылық шарасына қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан ұйымдарға шынайы алғысымызды білдіреміз:

    • «Novostroy Group KZ» ЖШС
    • «Eurobetonstd» ЖШС
    • «Шин Лайн» БК ЖШС

    Қайырымдылық пен жанашырлық танытып, ауылымыздың ардақты қарияларына қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

    Қарияларымыз аман болып, әр шаңырақта береке мен бірлік орнасын! Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі әрдайым жалғасын тапсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Іле ауданының Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары