Маутова Альбина Тасболатқызы

    Нормашығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің бастығы

    Маутова Альбина Тасболатқызы
    Начальник

    Маутова Альбина Тасболатқызы

    Нормашығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Маутова Альбина Тасболатқызы 1976 жылы 17 сәуірде Қостанай облысында дүниеге келген.

    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетті «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Аға әділет кеңесшісі сыныптық шенге ие.

    Прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

    «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

    Прокуратура органдарында қызметін 1998 жылы Қостанай облысы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады, 2000-2006 жылдары Рудный қаласы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

    2006 жылы Бас прокуратураның жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті басқармасының прокуроры болып тағайындалды.

    2008 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппараты басқармасының 2-ші бөлімінің аға прокуроры қызметін атқарды.

    2009 жылдан 2011 жылға дейін заң шығару қызметі саласындағы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Бас Прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді.

    2011 жылдан 2019 жылға дейін Бас прокуратураның Норма шығару қызметі саласындағы қадағалау басқармасының, Норма шығармашылық қызметін үйлестіру басқармасының Бас Прокурордың аға көмекшісі қызметін атқарды.

    2019 жылдан 2020 жылға дейін Норма шығармашылық қызметін үйлестіру Басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2020 жылдан 2023 жылға дейін Бас прокуратурасының Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

    2023 жылдан Бас прокуратураның Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің Нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалау жөніндегі басқармасының бастығы - Департамент бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2024 жылдан бастап Бас прокуратураның Норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері