Испанов Ілияс Сапарбекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментінің директоры

    Испанов Ілияс Сапарбекұлы
    Начальник

    Испанов Ілияс Сапарбекұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаментінің директоры

    Өмірбаян

    Ілияс Сапарбекұлы Испанов 1976 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы нарық институтын, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген.

    Экономика ғылымдарының кандидаты.

    «Құрмет» орденімен, «ҚР прокуратура органдарының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.

    Еңбек жолын 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласындағы «Ақ-бастау» АБ секторында, «Ұлттық банк» есеп кассалық орталығында, «Темірбанк» АОҚ-ында бастаған.

    1999 – 2002 жылдары сарапшылық – талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

    2002 - 2006 жылдары Кедендік бақылау агенттігі төрағасының көмекшісі, Астана қаласы бойынша кедендік бақылау департаменті басшысының бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитеті төрағасының орынбасары болды.

    2006 – 2009 жылдары Астана қаласы бойынша соттар әкімшісі, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

    2009 – 2013 жылдары БП Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

    2013 – 2016 жылдары Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.

    2016 - 2019 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының әкімі қызметін атқарды.

    2019 – 2021 жылдары Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы болды.

    2021 - 2022 жылдары жеке секторды жұмыс жасады.

    2022 - 2023 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, Төрағаның міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    2023 жылдың қазан айынан бастап БП Қаржы департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері