
Нұрбеков Әлжан Әбдірахманұлы
ҚР Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаментінің бастығы
Өмірбаян
Нұрбеков Әлжан Әбдірахманұлы 1978 жылы 21 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратура бөлімінің прокуроры қызметінен бастаған.
2001-2004 жылдары Шымкент қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры, сондай-ақ Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарды.
2004-2006 жылдары Астана қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры, Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2006-2017 жылдар аралығында басқарманың прокуроры, басқарманың аға прокуроры, басқарма бастығы, ҚР Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары, Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болды.
2017-2019 жылдары ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқыды.
2019-2023 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының Бас прокурордың ерекше тапсырмалары бойынша аға көмекшісі қызметін атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Бас прокуратурасының Стратегиялық даму департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.





