
Әнуар Аида Қылышқожақызы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы
Өмірбаян
Әнуар Аида Қылышқожақызы 1974 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Сыныптық шені — аға әділет кеңесшісі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен наградталған.
Қызметін 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болып бастаған. Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы және Астана қаласы прокуратураларында басқарма прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.
2002-2011 жылдары ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының аға прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі болды.
2011-2019 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Норма шығармашылық қызметін үйлестіру басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2019-2023 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы 17 шілдеде ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық жұмыс департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.





