Төлеуов Сәкен Сержанұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы

    Төлеуов Сәкен Сержанұлы
    Начальник

    Төлеуов Сәкен Сержанұлы

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Сәкен Сержанұлы Төлеуов 1978 жылы 14 мамырда Абай облысында дүниеге келген.

    Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Аға әділет кеңесшісі дәрежесіне ие, Прокуратураның құрметті қызметкері (2022 ж.).

    ҚР Президентінің Алғысымен көтермеленген (2024 ж.), «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен (2020 ж.) және Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі "Айбын" (2026 ж.) орденімен наградталған.

    Қызметін 2000 жылы Алматы облысының прокуратура органдарында бастаған. Ұйғыр, Қарасай, Талғар аудандарында прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі, кейін Талғар ауданы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

    2011-2017 жылдары Жамбыл облысы Рысқұлов және Меркі аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокуратурасы басқармасының бастығы болды.

    2017-2019 жылдары Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

    2019 жылдан 2020 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы Аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

    2020-2023 жылдар аралығында ҚР Бас прокуратурасының Кадрлық даму департаменті Кадрлық қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

    2023 жылғы 7 сәуірден бастап ҚР Бас прокуратурасының Жолданымдармен жұмыс және іс жүргізу департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері