
Тұрышов Айбек Шампанұлы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы
Өмірбаян
Тұрышов Айбек Шампанұлы, 1982 жылы 1 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін (заң факультеті), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын (сыртқы саяси қызмет, магистратура) және Алматы Экономика және статистика академиясын (қаржы бакалавры) бітірген.
Сыныптық шені - аға әділет кеңесшісі.
«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен, I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен және «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2006-2013 жылдар аралығында көлік прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2013 жылдан 2022 жылға дейін қаржы полициясы органдары және Экономикалық тергеу қызметінің аумақтық департаменттері мен орталық аппараттарында әртүрлі басшылық лауазымдарында болған.
2022 жылдан бастап Бас прокуратурада түрлі басшылық лауазымдарында қызмет атқарды.
2025 жылғы 28 ақпанда Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.


