
Теміржанов Мұрат Баритұлы
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы
1977 жылы 18 тамызда Ақмола облысы Бурабай ауданы Наурызбай батыр селосында туған. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген, АӨК салаларындағы инженер-экономист; Қазақ гуманитарлық заң университеті, юриспруденция бакалавры. Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген, Ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйақылар, құрметті атақтары: Белсенді азаматтық ұстанымы үшін: «Парасат» орденімен (2024), «Құрмет» орденімен (2009), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР мәслихатына 20 жыл» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі», «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.










































































