Байсеитов Алишер Маратович

    Топырақ ресурстары және климатқа төзімді ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы

    Байсеитов Алишер Маратович
    Руководитель управления

    Байсеитов Алишер Маратович

    Топырақ ресурстары және климатқа төзімді ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1995 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген.

    2017 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Кадастр» мамандығы бойынша тәмамдады.

    2019 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Жерге орналастыру» бағыты бойынша ғылым магистрі дәрежесімен аяқтады.

    Еңбек жолын 2017 жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының топырақтану, жер мониторингі және зертханалық зерттеулер бөліміне топырақтанушы маман болып бастады.

    2022 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жер туралы ғылымдар мектебінде оқытушы болып қызмет атқарды.

    2022 жылдың қараша айынан 2025 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Мемлекеттік жер кадастры басқармасында бас сарапшы қызметін атқарды.

    2025 жылдың 5 маусымынан бастап ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Топырақ ресурстары және климатқа төзімді ауыл шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері