
Бекіш Бақытжан Серікұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы
Өмірбаян
Бекіш Бақытжан Серікұлы 1984 жылы Ғ.Мүсірепов ат. ауданның Новоишимское ауылында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2005 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.Үйленген екі баласы бар.
Еңбек жолын 2007 жылы Солтүстік қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимское ауылының "құрылыс бөлімі" ММ жетекші маманы болып бастады.
2008-2009 жылдары "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты"ММ бас маман – аудан әкімі орынбасарының Құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі көмекшісі.
2009-2011 жылдары "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты"ММ қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы.
2011-2012 жылдары "Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2012 ж. "жер қатынастары бөлімі"ММ бас маманы.
2012-2016 жылдары "Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жер қатынастары бөлімі"ММ басшысы.
2016-2021 жылдары "Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы"КММ басшысының орынбасары-мемлекеттік инспекторы.
2021-2022 жылдары "Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің жер инспекциясы басқармасы"КММ басшысы –бас мемлекеттік инспекторы.
2022 жылғы 1 наурыздан бастап "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті"РММ басшысы лауазымына тағайындалды.





