
Сапанов Сержан Сапанович
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры
Өмірбаян
Сапанов Сержан Сапанович 1974 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Инженер экономист» мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы Алматы қаласының «Әділет» жоғарғы мектебін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
1997-1997 жж. – ҚР ҚМ Көкшетау облысының қаржы-валютаны бақылау комитетінің бас бақылаушысы-ревизор.
1997-1998 жж. – Көкшетау қаласы бойынша Салық комитетінің жеке кәсіпкерлерге салық салу бөлімінің инспекторы.
1998-2000 жж. – Ақмола облысы бойынша сот ұйғарымдарын орындау департаментінің сот орындаушысы.
2000-2001 жж. – «Сұңқар» ЖШС-нің заңгері.
2001-2011 жж. – ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның тіркеушісі, заңды қызмет көрсету секторының меңгерушісі, құқықтарды мемлекеттік тіркеу, заңгерлік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, заңгерлік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.
2011-2012 жж. – ҚР Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК директорының орынбасары, мониторинг қызметінің басшысы.
2012-2014 жж. – «Алтыбас А» ЖШС заң мәселелері бойынша директорының орынбасары.
2014-2016 жж. – «ҚТЖ» ҰК АҚ «Қазтеміртранс» АҚ филиалы «Вагондар операторының қызмет көрсету орталығы» заң бөлімінің бас менеджері.
2016-2023 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қостанай ауданы бөлімінің басшысы, филиал директорының орынбасары, Жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының басшысы.
2024 ж. наурызынан бастап осы уақытқа дейін – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының директоры.





