Мухаддас Ақылбек Мухаддасович

    Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы

    Мухаддас Ақылбек Мухаддасович
    Руководитель

    Мухаддас Ақылбек Мухаддасович

    Шымкент қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    Мухаддас Акылбек Мухаддасович 1981 жылғы 21 мамырда Оңтүстік Қазақастан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

    2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің «Заңтану» мамандығын тәмәмдаған.

    2009 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қаржы» мамандығын тәмәмдаған.

    2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мемлекеттік және жергілікті басқару магистры.

    2002-2007 жж. – ОҚО «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның маман-тіркеушісі, Шымкент қ.

    2007-2010 жж. – ОҚО Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі бөлімінің заң кеңесшісі, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі бөлімнің маманы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі бөлімнің жетекші маманы, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімнің бас маманы Шымкент қ.

    2010-2012 жж. – Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы заң бөлімінің бастығы, өңіраралық жер инспекциясы бастығының орынбасары.

    2012-2015 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекция басшысының орынбасары , Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекция басшысының м.а., Шымкент қ .

    2015 ж. – ОҚО жер қатынастары және жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы, Шымкент қ.

    2015-2016 жж. – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Оңтүстік Қазақстан филиалы директорының м.а., Шымкент қ.

    2016-2017 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ ОҚО бойынша филиалының-Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бас техникалық басшысы, Шымкент қ.

    2017-2018 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Қызылорда бойынша филиалының-Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бас техникалық басшысы, Қызылорда қ.

    2018-2022 жж. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Түркістан қ.

    2022-2023 жж. – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару Комитеті Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының м.а.-бас мемлекеттік инспектор, Шымкент қ.

    2023 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару Комитеті Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысы-бас мемлекеттік инспектор, Шымкент қ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері