Солтанбеков Дархан Серікұлы

    Құжаттамалық қамтамасыз ету және бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс басқармасының басшысы

    Солтанбеков Дархан Серікұлы
    Руководитель управления

    Солтанбеков Дархан Серікұлы

    Құжаттамалық қамтамасыз ету және бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1993 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүниеге келген.

    2015 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2020 жылы – Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 2015 жылы «ЖерҒӨО» РМК-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Шымкент қаласы бөлімшесінің «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» бөлімінде маман болып бастаған.

    2018 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» бөлімінде маман болған.

    2018-2022 жылдары аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының Еңбекші аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінде кадастр бойынша маман қызметін атқарған.

    2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жерді пайдалану мониторингі және жердің пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының бас сарапшысы болған.

    2023-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Мемлекеттік жер кадастры басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарған.

    2025 жылғы 5 маусымнан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Құжаттамалық қамтамасыз ету және бұқаралық ақпараттық құралдарымен жұмыс басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері