
Кырыкбаев Баянбек Талгатович
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы
Өмірбаян
1983 жылы 22 шілдеде Батыс-Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Қурайлысай селосында туған.
М. Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, заңгер, Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті, кадастр бакалавры.
Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйақылар, құрметті атақтары:
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020ж) мерекелік медалімен марапатталған.
Еңбек жолын 2003 жылы Батыс-Қазақстан облысының М. Әуезов атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған
2005-2006 жж. - Батыс-Қазақстан облысының Ақжайық аудандық әділет басқармасының жетекші маманы
2006-2007 жж.- Ақжайық аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы
2007-2010 жж.- Батыс-Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жер қатынастары басқармасының бас маманы
2010-2016 жж.- «Ақтөбе жер ғылыми-өндірістік орталығы» ЕМК-ның заңгері, сектор басшысы, бөлім басшысы
2016 ж. - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының «НПЦзем» департаменті мемлекеттік-жер кадастры бөлімінің басшысы
2016-2018 жж.- Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-тексеру бөлімінің бас инспекторы
2018-2019 жж.-Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары
2019-2021 жж. - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының өңірлік даму бөлімінің басшысы
2021-2022 жж. - Ақтөбе облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармасының басшысы
2022 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы - Ақтөбе облысының жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы





