
Жұманов Мирас Пернеханұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Жұманов Мирас Пернеханұлы 1987 жылғы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысының Ленгер қ. дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Заңтану» мамандығын тәмәмдаған.
2008-2009 жж. – «Гермес» ЖШС заңгері, Астана қ.
2009-2011 жж. – « ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы №1 Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ кеңесшісі, инспекторы, Астана қ.
2011-2012 жж. – «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы» ММ-нің бас инспекторы, Астана қ.
2012 ж. – «Астана қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК филиалының кеңесшісі, Астана қ.
2014-2016 жж. – « Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ, статистигі, Астана қ.
2016 ж. – « Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша емеп жөніндегі технигі, Астана қ.
2016-2017 жж. – «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бөлімінің бас маманы, Астана қ.
2017-2018 жж. – «Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ мониторинг және пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бөлімінің бас маманы, Астана қ.
2018-2021 жж. – « Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы, Астана қ.
2021-2022 жж. – « Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қ.
2022-2023 жж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын басқару департаменті жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, Нұр-Сұлтан қ.
2023 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті басшының орынбасары-мемлекеттік инспектор, Астана қ.





