
Калиев Рүстем Мұратұлы
Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
1991 жылы 12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылында дүниеге келген.
2013 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін "Агрономия"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Талшық ауылында "Куйбышевское Север" ЖШС есепші-агроном қызметінен бастады.
2013-2014 жылдары "Лениград ауыл шаруашылығы колледжі" КММ оқытушысы болып жұмыс істеді.
2015 жылы Көкшетау қаласында "Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" ММ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болды.
2015-2017 жылдары Көкшетау қаласында" Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы " мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары Көкшетау қаласына "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Жерге орналастыруды бақылау және жер мониторингі бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болды.
2018 жылы Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Жерге орналастыруды бақылау және жер мониторингі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Сол жылы Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардың жер заңнамасын сақтауын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2019 жылы Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардың жер заңнамасын сақтауын бақылау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болды.
2019-2021 жылдары Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардың жер заңнамасын сақтауын бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2021 жылы Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жерді талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2021-2022 жылдары Көкшетау қаласында "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылы Көкшетау қаласы "Ақмола облысының жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті, Көкшетау қаласы республикалық мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2023-2025 жылдары Көкшетау қаласы "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы 12 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарады.




