Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы

    Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы
    Қызметкерлер

    Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы

    Өмірбаян

    Ермекқали Әлібек Серікқалиұлы 1979 жылғы 13 қыркүйекте Атырау облысы, Атырау қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Ә.С.Ермекқали өз еңбек жолын 2002 жылы Атырау облысы Әділет басқармасының АХАЖ, нотариат, құқықтық насихат және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы болып бастаған.

    2003 жылдың наурыз айы мен тамыз аралығында Атырау облысы Әділет басқармасының нотариат саласы бойынша жетекші маманы;

    2003-2004 жылдар аралығында Атырау облысы Әділет басқармасының АХАЖ, нотариат, құқықтық насихат және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің бас маманы;

    2004-2005 жылдар аралығында Атырау облысы Әділет басқармасының зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлімнің бас маманы;

    2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының сақталуын бақылау бөлімінің консультанты;

    2007-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының сақталуын бақылау бөлімінің бастығы;

    2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасы тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі;

    2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша басқармасының тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі-басқарма бастығының орынбасары;

    2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі-Департамент басшысының орынбасары;

    2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі;

    2016-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Атырау облысы бойынша департаментінің департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі,

    2017-2018 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының аппарат басшысының орынбасары;

    2018-2023 жылдар аралығында Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы;

    2023-2026 жылдар аралығында Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басқарма басшысының орынбасары;

    2026 жылдың 5 ақпанынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысы лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері