
Жолдогутов Аскар Абдулдаевич
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры
Өмірбаян
1963 жылы Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
1986 жылы Семей геобарлау техникумының «Геология, пайдалы қазбалар кен орнын іздеу және барлау» мамандығын тәмәмдаған.
1993 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Геологиялық түсірілім, пайдалы қазбалар кен орнын іздеу және барлау» мамандығын тәмәмдаған.
2010 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
1980-1981 жж. – «Бахтыбель» Қарабұлақ фабрикасының ІІ-дәрежелі ұстасы.
1981-1983 жж. – Кеңес әскері қатарындағы қызмет.
1986-1993 жж. – Жоңғар геологиялық барлау экспедициясында инженер-геолог.
1993-1994 жж. – «Сенім» кіші кәсіпкерлігі директорының коммерциялық орынбасары.
1994 ж. – Текелі орталығының аса жеңіл авиациясының төрағасы.
1994-1995 жж. – Қарабұлақ аса жеңіл әуе клубының төрағасы.
1995-1997 жж. – Ескельді аудандық спорт, туризм және жастар істері жөніндегі бөлімнің төрағасы.
1997-2004 жж. – «ҚазАвиа» тәуелсіз авиа компаниясының әуе ұшқышы.
2004-2005 жж. – «ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы» ММ Алматы өңірлік инспекциясының жетекші маманы.
2005 ж. – «ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасы» ММ Талдықорған өңірлік геология және жер қойнауы инспекциясының бас маманы.
2005-2006 жж. – «Алматы облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жерлерді пайдалануды жоспарлау және жер учаскелерін беру, қайтып алу жөнінде ұсыныстар дайындау бөлімінің бастығы.
2006-2007 жж. – «Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы» ММ жерді пайдалануды және қорғауды бақылау жөніндегі бөлім бастығы.
2007-2008 жж. – «Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы» ММ бастығы орынбасарының м.а., бастығының м.а.
2008 ж. – «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы.
2008-2012 жж. – «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ бастығының орынбасары.
2012-2013 жж. – «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ бастығының орынбасары.
2013-2015 жж. – «ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы» ММ басшысының орынбасары.
2015-2022 жж. – «Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ басшысы.
2022 ж. – «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысы - бас мемлекеттік инспектор.
2024 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры.





