Жумаханова Жазира Канатовна

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары

    Жумаханова Жазира Канатовна
    Қызметкерлер

    Жумаханова Жазира Канатовна

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жумаханова Жазира Канатовна 1987 жылғы 21 маусымда Атырау облысы, Құлсары қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2009 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралық - техникалық университетін «Жерге орналастыру және кадастр», 2013 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін Қаржы мамандықтары бойынша бітірген.

    Ж.Жумаханова өз еңбек жолын 2009 жылы Атырау қаласында «Иради Сервис» ЖШС-де офис менеджер қызметінен бастаған.

    2010-2012 жылдар аралығында «Иради Сервис» ЖШС-нің Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері;

    2012 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының Жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы;

    2012-2013 жылдар аралығында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді және геодезиялық бақылау жүргізу бөлімінің бас маманы;

    2013-2014 жылдар аралығында ҚР Өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді және геодезиялық бақылау жүргізу бөлімінің бас маманы;

    2014-2015 жылдар аралығында ҚР Өңірлік даму министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы;

    2015-2022 жылдар аралығында Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының Жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы;

    2022-2025 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы;

    2025 жылдың 10 қазанынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері