
Нурова Динара Сатыбалдыевна
Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы
Өмірбаян
1987 жылғы 13 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
2008 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Есеп және аудит» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы, ҚР ТЖМ Экономика және қаржы департаментінің Қаржылық-экономика басқармасы бас маманының м.а. болып бастаған;
2009-2014 ж.ж. аралығында, ҚР ТЖМ Экономика және қаржы департаментінің Қаржылық-экономика басқармасының сарапшысы, Бухгалтерлік есеп пен есептілік басқармасының бас сарапшысы лауазымдарын атқарған;
2014-2018 ж.ж. аралығында, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бас сарапшысының міндетін атқарушы, Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымдарын атқарған;
2018-2022 ж.ж. аралығында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ішкі әкімшелендіру және кадрлық қамтамасыз ету басқармасының басқарма басшысы, лауазымын атқарған;
2022 жылдан бастап, осы уақытқа дейін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басқарма басшысы.




