
Өмірбаян
Бимендина Гүлжахан Амангелдіқызы 1969 жылы Түркістан облысы Кентау қаласында дүниеге келген.
1996 жылы Жерге орналастыру бойынша мемлекеттік университетті (РФ, Мәскеу қаласы) «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша бітірген.
1996 ж. – ҚР Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетінің Сергеевка аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi комитетінің бас маманы, СҚО.
1997-1998 ж.ж. – «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы» Солтүстік Қазақстандық еншілес мемлекеттік кәсіпорнының инженер-жерге орналастырушысы.
1998-1999 ж.ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң Сергеевка аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрайымы.
1999-2004 ж.ж. – ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Ақмола облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бас маманы.
2004 ж. – Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрайымы, Ақмола облысы.
2004-2007 ж.ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқармасының Бастықтың орынбасары.
2007 ж. – «Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ бастығы.
2007-2008 ж.ж. – Солтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық басқарма бастығының орынбасары.
2008 ж. – «ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы» ММ Солтүстік Қазақстан облысының жерлерін пайдалануды және күзетуді мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы.
2008-2009 ж.ж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Геодезиялық қадағалау және лицензиялау, жерге орналастыру басқармасының бастығы.
2009-2012 ж.ж. – ҚР Жер ресурстарын бақылау агенттігінің Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясының бастығының орынбасары.
2012 ж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы.
2012-2013 ж.ж. – ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы.
2013-2014 ж.ж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаментінің директоры.
2014-2016 ж.ж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары.
2016-2019 ж.ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының орынбасары.
2019-2021 ж.ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрайымы.
2021-2022 ж.ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Төрағаның орынбасары
2022-2023 ж.ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры
2023 ж.-осы күнге дейін – «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры





