Нурахметов Тахир Нурахметович

    Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары

    Нурахметов Тахир Нурахметович
    Заместитель руководителя

    Нурахметов Тахир Нурахметович

    Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Нурахметов Тахир Нурахметович, 1982 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген.

    Білімі - жоғары, 2004 жылы Жәнгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетін бітірген, жерді үйлестіру мамандығы бойынша, 2006 жылы Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ғылыми өндірістік жер ресурстары және жерге орналастыру орталығының Батыс Қазақстан облысы бойынша еншілес мемлекеттік кәсіпорнының» инженер-жерге орналастырушысы болып бастаған.

    Кейінгі жылдарда «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті» мемлекеттік мекемесінің жерді пайдалану мен қорғау бөлімінің бас маманы, «Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы, 2022 жылғы 24 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары-мемлекеттік инспектор.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері