
Бижанов Дәулет Ерназарұлы
Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Бижанов Дәулет Ерназарұлы 1986 жылы 16 тамызда Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген.
2008 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық техникалық университетін "Инженер-жерге орналастырушы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2009 жж. – «Жаңақұрылыс» ЖШС кеңесші-сатушысы, Астана қ.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Астана-топография» РМКК, Аэрофотогеодезист, Астана қ.
2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау, мемелекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және жерге орналастыру басқармасының бас сарапшысы - мемлекеттік инспекторы, Астана қ.
2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер қатынастары және геодезия саласын реттеу департаменті Жер қатынастары басқармасының бас сарапшысы, Астана қ.
2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшысы-мемлекеттік инспектор, Астана қ.
2016-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшы - мемлекеттік инспекторы, Астана қ.
2017 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы, Астана қ.
2017-2018 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, «Қазгеодезия» РМҚК «Батысгеодезия» филиалының директоры, Ақтөбе қ.
2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті Жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру басқармасының сарапшысы, Астана қ.
2019-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің, Ішкі әкімшілендіру басқармасының басшысы, Мемлекеттік қызметтер және цифрландыру басқармасының басшысы, Ішкі әкімшілендіру және кадрлық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
2022-2024 жж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы-бас мемлекеттік инспектор, Семей қ.
2024 ж. маусым айынан бастап осы күнге дейін - Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары

