Қызметкерлер — Меркі ауданы мәслихатының аппараты

    Меркі ауданы мәслихатының аппараты басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы
    Мәслихатының төрағасы

    Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының төрағасы

    Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы 1964 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында туылған. Білімі жоғары, ұлты қазақ. 1971 жылы Тәтті ауылының М.Маметова атындағы №13 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданған. 5 сыныптан бастап Қостоған ауылындағы №14 орта мектебінде білім алып, 1981 жылы аталмыш мектепті бітірген. 1981-1982 жылдары аралығында №102 арнайы кәсіптік-техникалық училище білім алған. 1986 жылы Қарағанды кооперативтік институтына қабылданып, 1990 жылы «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    27
    Қыстауов Болатбек Танибергенұлы
    Мәслихат депутат

    Қыстауов Болатбек Танибергенұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Қыстауов Болатбек Танибергенұлы 1984 жылы 22 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Отбасын құрған. Бір ұл, үш қыз тәрбиелеуде. 1991-2001 жылдары Сарымолдаев ауылындағы №9 Савва атындағы орта мектебінде білім алған. 2001-2005 жылдары аралығында Алматы қаласы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің физика-информатика факультетінде оқып аяқтаған.

    Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы
    Мәслихат депутат

    Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы 1977 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Тәтті ауылындағы №13 М.Маметова атындағы орта мектебін бітірген. 1994-1999 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып шыққан. 2004-2006 жылдар аралығында Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті "Құқық және экономика негіздері " мамандығы бойынша аяқтаған.

    Бейсенбаева Зәуре Төребекқызы
    Мәслихат депутат

    Бейсенбаева Зәуре Төребекқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Бейсенбаева Зауре Туребековна 1968 жылдың 12 қарашасы күні Меркі ауданының Киров колхозында өмірге келген. 1985 жылы Сұрат ауылындағы №19 орта мектебін бітірген. 1985 жылы Жамбыл педагогикалық институтына қабылданып, 1990 жылы математика және физика, информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

    Тлеужанов Жасұлан Жеңісбекұлы
    Мәслихат депутат

    Тлеужанов Жасұлан Жеңісбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Тлеужанов Жасұлан Жеңісбекұлы 1973 жылғы 7 тамыз айында Жамбыл облысы Меркі ауданы, Тәтті ауылдық округінде дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Жамбыл облысы Меркі ауданы №17 Трубицын атындағы орта мектебінде 11 сыныпты бітірген. 1990-1996 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы СГМИ-ның емдеу ісі мамандығы бойынша аяқтаған. 2002-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ заңгер мамандығы бойынша білім алған. 1996-1997 жылдары Жамбыл облыстық ауруханасының интернатурасында оқып терапевт- дәрігер мамандығын алып шыққан. Бастапқы мамандандыруды 1997-1998 жылдары Алматы қалалық дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтында невролог- дәрігер мамандығы бойынша алып шықты.

    Мамикова Урияхан Оспанқызы
    Мәслихат депутат

    Мамикова Урияхан Оспанқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Мамикова Урияхан Оспанқызы 1966 жылдың 30 сәуірі күні Меркі ауданында туылған. 1972-1980 жылдары Ақарал ауылындағы № 5 орта мектебінде орта білім алған. 1980-1983 жылдары Алматы қаласындағы политехникалық техникумның «Іс жүргізуді ұйымдастыру» бөлімінің білімгері. 2002-2006 жылы Кырғыз Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің «орыс тілі және әдебиеті» факультетіне түсіп, жоғары білім алған.

    Менилбеков Бахтияр Смаділұлы
    Мәслихат депутат

    Менилбеков Бахтияр Смаділұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Менилбеков Бахтияр Смаділұлы 1973 жылы 4-қаңтарда Меркі ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келді. 1990 жылы Кеңес орта мектебін бітірді. 2001 жылы Тараз мемлекеттік Университетін тарих-география факультетіне түсіп, 2006 жылы бітірген.

    Мұратова Гүлжамал Алметқызы
    Мәслихат депутат

    Мұратова Гүлжамал Алметқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Мұратова Гүлжамал Алметқызы 1973 жылы 29 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақтоған ауылында дүниеге келді. Ақтоған ауылындағы № 4 мектебінде білім алып, Алматы қаласы Қыздар педагогикалық институтына «Қазақ тілі және әдебиеті» факультетін күндізгі бөліміне оқуға түсіп 1995 жылы бітірген.

    Айдарбек Назерке Айдосқызы
    Мәслихат депутат

    Айдарбек Назерке Айдосқызы

    Меркі аудандық мәслихат депутаты

    Айдарбек Назерке Айдосқызы 1994 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы №17 Трубицын атындағы орта мектеп гимназиясын тәмамдаған. 2012 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне «Биотехнология» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы сол жоғарғы оқу орнын үздік бітірген.

    Айтбаев Руслан Жолдыбайұлы
    Мәслихат депутат

    Айтбаев Руслан Жолдыбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Айтбаев Руслан Жолдыбайулы, 1991 жылдың 17 тамыз айында Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген. Меркі ауданы Ойтал ауылындағы №48 орта мектебінің, 1997-2008 жылдары аралығындағы түлегі. 2008 жылы Құлан ауылындағы «Құлан ауылшаруашылығы колледжінің» «Кәсіптік оқыту шебері, есептеу техникасын программамен қамтамасыздандырудың техник программисі» мамандығының студенті атанып, сол колледжді 2012 жылдың 29 маусым айында тәмәмдады.

    Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы
    Мәслихат депутат

    Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Сейсенбаев Нұрлан Еренсізұлы 1980 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы Меркі ауданы Большевик колхозында (Ақтоған ауылы) дүниеге келген. 1997-2001 жылдары Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінде, 2001-2002 Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «экономист», 2014 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алған.

    Шағатаева Күлаим Жексембіқызы
    Мәслихат депутат

    Шағатаева Күлаим Жексембіқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Шағатаева Күлаим Жексембіқызы 1978 жылы 29 наурызда Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. 1985 жылы 1 қыркүйекте №28 орта мектебінің 1-сынып табалдырығын аттап, 1995 жылы осы мектептің 11-сыныбын үздік тамамдаған. Жоғарғы оқу орнына 2004 жылы түсіп, 2009 жылы Жамбыл Гуманитарлық-Техникалық Университетінің математика факультетін аяқтап, мұғалім бакалавр мамандығын алып шыққан.

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы
    Мәслихат депутат

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы 1996 жылы қазан айының 5 күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қостоған ауылында дүниеге келді. 2011 жылы №14 М.Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебін бітірді. 2011-2015 жылдары Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжін «Техник-электрик» мамандығы бойынша аяқтады.

    Калысбаев Ерғали Бадамбайұлы
    Мәслихат депутат

    Калысбаев Ерғали Бадамбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы 1964 жылы 2 сәуірде Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келді. 1978 жылы Меркі ауылындағы №18 Калинин мектебін бітірді. 1978-1982 жылдар аралығында Тараз қаласы кәсіптік-техникалық училищесінде «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқып шықты. 1984-1987 жылдар аралығында Қарағанды индустриалды педагогикалық техникумына оқуға түсіп «дәнекерлеу сабағының мұғалімі» мамандығы бойынша оқып шықты. 2011-2014 жылдар аралығында Тараз Мемлекеттік Университетінде "Машина жасау" мамандығын оқып шықты.

    Хейроев Азиз Яшаұлы
    Мәслихат депутат

    Хейроев Азиз Яшаұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Хейроев Азиз Яшаұлы 1972 жылы Жамбыл облысының Меркі ауданына қарасты Меркі ауылында дүниеге келген. 1979 жылы №44 мектеп табалдырығын аттап, 1987 жылы мектепті бітірген. 1987-1991 жылдары аралығында Қаратау тау-кен техникумында "Өндірістік - азаматтық құрылыс" Мамандығы бойынша оқып, диплом иеленген.

    Акетаев Есбол Аманжолұлы
    Мәслихат депутат

    Акетаев Есбол Аманжолұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Акетаев Есбол Аманжолұлы, 1982 жылы 27 наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Аспара ауылында дүниеге келген. 1989 жылы №9 Владимир Савва атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1999 жылы осы жоғарыдағы мектепті бітіріп шыққан. 1999 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Құқықтану» факультетіне түсіп, 2003 жылы осы жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан.

    Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы
    Мәслихат депутат

    Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы 1964 жылы Меркі ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1982 жылы №88 кәсіптік-техникалық училищесін «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша, 1990 жылы Қарағанды индустриалды-педагогикалық техникумын «дәнекерлеу сыныбының оқытушысы» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Дүйсебаев Ербол Кәрібайұлы
    Мәслихат депутат

    Дүйсебаев Ербол Кәрібайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Дүйсебаев Ербол Кәрібайұлы 1970 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Аспара ауылындағы №2 орта мектебін бітірген. 1994 жылы Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетті - тарих мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын - заңтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Жекебаев Ұлан Бектұрсұнұлы
    Мәслихат депутат

    Жекебаев Ұлан Бектұрсұнұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Жекебаев Ұлан Бектұрсұнұлы 1982 жылы 20 қарашада Қырғызстан Республикасы, Талас облысы, Талас ауданы, Көпіре – базар ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Бишкек қаласындағы И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің жанындағы ИНИТ «Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

    Молдашев Қадіржан Тезкелдіұлы
    Мәслихат депутат

    Молдашев Қадіржан Тезкелдіұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Молдашев Қадіржан Тезкелдіұлы 1979 жылы 02 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2001-2007 жылдары М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын "Жол қозғалысын ұйымдастыруы" мамандығы бойынша аяқтаған.

    Каргабаев Нұржан Қуанышбекұлы
    Мәслихат депутат

    Каргабаев Нұржан Қуанышбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Қаргабаев Нұржан Қуанышбекұлы, 1970 жылы 28 қазанда Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. 1977-1987 жылдары аралығында Шу қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген. 1987-1990 жылдары Алматы энерго-құрылыс техникумың «техник-жылу технигі» мамандығы бойынша бітірген. 1996-2002 жылдары Қырғыз Ұлттық университетің «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. .

    Курманалиев Айдосхан Өсерұлы
    Мәслихат депутат

    Курманалиев Айдосхан Өсерұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Құрманалиев Айдосхан Өсерұлы 1973 жылы 30 тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Трубицын атындағы №17 орта мектебінің табалдырығын аттап, 1990 жылы бітірген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтына оқуға түсіп, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, экономист мамандығын алған. 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының сырттай бөліміне оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алды.

    Темірбекова Альбина Нұрланқызы
    Мәслихат депутат

    Темірбекова Альбина Нұрланқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Темірбекова Альбина Нұрланқызы 31 қазан 1991 жылы Меркі ауданы, Меркі ауылында дүниеге келген. 1998 жылы 1 сыныпқа барып, 2009 жылы 11 сыныпты Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында аяқтап, 2009-2013 жылдар аралығында Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған.

    Шынарбек Айғаным Өміржанқызы
    Мәслихат депутат

    Шынарбек Айғаным Өміржанқызы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Шынарбек Айғаным Өміржанқызы 1999 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қостоған ауылында дүниеге келген. 2006-2017 жылдары аралығында №14 М. Жылысбаев атындағы орта мектептебінде білім алған. 2021 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін "Құқық және экономика негіздері" мамандығы бойынша бітірген.

    Ахбанбетов Ренат Әзімханұлы
    Мәслихат депутат

    Ахбанбетов Ренат Әзімханұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    1986 жылы 31 мамырда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Сұрат ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2020 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетін «тарих» пәні мұғалімі бойынша аяқтаған.