Айдарбек Назерке Айдосқызы

    Меркі аудандық мәслихат депутаты

    Айдарбек Назерке Айдосқызы
    Депутат маслихата

    Айдарбек Назерке Айдосқызы

    Меркі аудандық мәслихат депутаты

    Өмірбаян

    Айдарбек Назерке Айдосқызы 1994 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Мыңқазан ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары.

    2012 жылы №17 Трубицын атындағы орта мектеп гимназиясын тәмамдаған.

    2012 жылы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне «Биотехнология» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы сол жоғарғы оқу орнын үздік бітірген.

    Өзінің еңбек жолын 2017 жылдан бастап Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі инспекторы, 2019-2020 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ақпаратты талдау бөлімінің басшысы, 2021 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бизнес-тренері болып қызмет атқаруда.

    Марапат

    1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Меркі ауданының маслихат хатшысының Алғыс хатымен, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаны үшін «Nur Otan» партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің Алғыс хатымен марапатталған. Аудан әкімдері Өмірбеков Мейірхан және Нұрсипатов Русланның алғыс хаттарымен, «Amanat» партиясының жауапты хатшысы Асхат Ораловтың алғыс хатымен, Жамбыл облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожаның алғыс хатымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері