
Өмірбаян
Айтбаев Руслан Жолдыбайулы, 1991 жылдың 17 тамыз айында Жамбыл облысы Меркі ауданы Меркі ауылында дүниеге келген.
Меркі ауданы Ойтал ауылындағы №48 орта мектебінің, 1997-2008 жылдары аралығындағы түлегі.
2008 жылы Құлан ауылындағы «Құлан ауылшаруашылығы колледжінің» «Кәсіптік оқыту шебері, есептеу техникасын программамен қамтамасыздандырудың техник программисі» мамандығының студенті атанып, сол колледжді 2012 жылдың 29 маусым айында тәмәмдады.
Еңбек жолын 2011 жылы ЖШС "Меркі ірімшік" зауытының айран жасау цехының операторы болып бастаған.
2011-2013 жылдары аралығында АҚ КСС "Engineering Coustruution Co.ltd" Жамбыл облыстық Филиалының менеджері болып жұмыс жасаған.
2014-2016 жылдары аралығында ЖШС "Меркі ірімшік" зауытының айран жасау цехының операторы қызметін атқарған.
2019-2020 жылдары аралығында жол құрлысы бойынша ЖШС "Синь Син" Қытайлық компанияның Қазақстан Республикасындағы Филиалында техник – зертханашы қызметін атқарған.
2016 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ЖШС «Меркі қант зауыты» машинист қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар 2019 жылдың қазан айында ҚР ҰКП «Атамекен бизнес бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын бітіріп, грант иегері атанып, 2020 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысуда.
Марапаттар
2020 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағытын іске асыру және жаппай кәсіпкерлікке дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жас кәсіпкерлерді жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Кәсіп түбі-нәсіп» атты байқауында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жыл «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының 7 тармақшасына сәйкес, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ – бағыты бойынша жас кәсіпкерлер арасындағы «Үздік жас кәсіпкер -2020» наминациясымен марапатталды.





