Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы
    Депутат маслихата

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Баубеков Шерхан Қамбарбекұлы 1996 жылы қазан айының 5 күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қостоған ауылында дүниеге келді.

    2011 жылы №14 М.Жылысбаев атындағы жалпы білім беретін мектебін бітірді.

    2011-2015 жылдары Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжін «Техник-электрик» мамандығы бойынша аяқтады.

    2015-2017 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жаңатоған ауылдық округінің Жастар ісі маманы.

    2017-2018 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жастар ісі инспекторы.

    2018-2021 жылдары «Нұр Отан» Партиясы Меркі аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы.

    2021-2022 жылдары «Merki Adakdyq Alany» Жобалық кеңсесінің жетекшісі.

    2022- жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық «Jambyl Adaldyq Alany» Жобалық кеңсесінің жетекшісі.

    Марапаттар

    2016-жылы Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Б.Базарбаевтың «Алғыс хаты».

    2019-жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хаты».

    2020-жылы Меркі ауданының әкімі М.А.Өмірбектің «Құрмет грамотасы».

    2020-жылы «NUR OTAN» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Алғыс хаты».

    2021-жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты».

    2021-жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ә.Қ.Әшірбаевтың «Алғыс хаты».

    2021-жылы Жамбыл облысы әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Құрмет грамотасы».

    2022-жылы Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың «Алғыс хаты».

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері