
Өмірбаян
Мамикова Урияхан Оспанқызы 1966 жылдың 30 сәуірі күні Меркі ауданында туылған.
1972-1980 жылдары Ақарал ауылындағы № 5 орта мектебінде орта білім алған.
1980-1983 жылдары Алматы қаласындағы политехникалық техникумның «Іс жүргізуді ұйымдастыру» бөлімінің білімгері.
2002-2006 жылы Кырғыз Арабаев атындағы мемлекеттік университетінің «орыс тілі және әдебиеті» факультетіне түсіп, жоғары білім алған.
1983-1989 жылдар аралығында Меркі аудандық атқару комитетінде іс жүргізуші.
1989-1993 жылдар аралығында Меркі темір-бетон зауытында кассир, кадр бөлімінің инспекторы.
1993 жылдың қарашасынан бастап Меркі мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» бөлімінің мұғалімі.
2006 жылдан мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының психологы, 2008 жылы комбинаттың әдіскері.
2010 жылдан 2012 жылға дейін оқу-өндірістік комбинатының директорының орынбасары.
2012 жылдың 14 қыркүйегінен бастап оқу-өндірістік комбинатының директоры.
2013 жылы оқу-өндірістік комбинаты қайта құрылып, «Өркен» балалар шығармашылығын дамыту орталығы» қосымша білім беру саласы мекемесі болып тіркелді. Қазіргі кезде осы мекеменің директоры қызметіндемін.
Марапттар
2016 жыл Меркі аудандық мәслихатының Құрмет Грамотасы.
2017 жыл ҚР БжҒМ республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығының Алғыс хаты.
2017 жыл ҚР БжҒМ алғыс хаты.
2017 жыл ҚР БжҒМ «Өрлеу» БАҰО филиалы «Азаматшылдық және отаншылдық – Қазақстандық білім берудің басымдықтары» байқауында І дәрежелі диплом.
2018 жыл «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсподақтар орталығы Құрмет Грамотасы.
2018 жыл «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамының Алғыс хаты.
2019 жыл ҚР БжҒМ «Өрлеу» БАҰО филиалы «Үздік басшы-жарқын болашақтың кепілі» ІІ дәрежелі диплом.
2020 жыл ҚР БжҒМ Құрмет Грамотасы.
2021 жыл Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымының Құрмет Грамотасы.
2021 жыл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасы.
2021 жыл Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Құрмет Грамотасы.
2022 жыл «Балалық шақ досы» медалі РҚББОӘО ҚР БжҒМ.





