
Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы
Меркі аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Көкрекбаев Мұратбек Болысбекұлы 1964 жылдың 13 қазанында Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында туылған. Білімі жоғары, ұлты қазақ.
1971 жылы Тәтті ауылының М.Маметова атындағы №13 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданған. 5 сыныптан бастап Қостоған ауылындағы №14 орта мектебінде білім алып, 1981 жылы аталмыш мектепті бітірген.
1981-1982 жылдары аралығында №102 арнайы кәсіптік-техникалық училище білім алған. 1986 жылы Қарағанды кооперативтік институтына қабылданып, 1990 жылы «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы Меркі ауданында №102 арнайы кәсіптік-техникалық училище мұғалімі болып бастаған.
1990-1991 жылдары аралығы Сарысу ауданы тұтынушылар одағының бас бухгалтерінің орынбасары.
1991-1992 жылдары «Калинин» совхоз кооперативінің бас бухгалтері.
1992-1995 жылдары Меркі ауданы әкімшілігінің экономика комитетінің төрағасы.
1995-1996 жылдары Меркі ауданы Халық банкінің экономисті, 1996-1997 Меркі ауданы әкімдігінің өнеркәсіп, көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі.
1997-1998 жылдары Меркі ауданы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі.
1998-2001 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2001-2005 жылдары Ойтал ауылдық округінің әкімі.
2005-2010 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары.
2010-2016 жылдары Жамбыл ауылдық округінің әкімі.
2016-2021 жыдары «Nur Otan» партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2021-2022 жылдары Меркі аудандық мәслихатының хатшысы.
2023 жылдан бастап осы күнге дейін Меркі аудандық мәслихатының төрағасы.
Мемлекеттік, ведомствалық және мерейтойлық наградалармен марапатталған: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі» төс белгісі, «Nur Otan» партиясы «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі, «Nur Otan» партиясының 15 жылдығына орай «Nur Otan» партиясының «Құрмет грамотасы», Жамбыл облысы әкімі мен Меркі ауданы әкімінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары».