
Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы
Меркі аудандық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Мамырбаев Ғалымжан Қырықбайұлы 1977 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Тәтті ауылындағы №13 М.Маметова атындағы орта мектебін бітірген.
1994-1999 жылдар аралығында Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып шыққан.
2004-2006 жылдар аралығында Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті "Құқық және экономика негіздері " мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Тәтті ауылында №13 М.Маметова атындағы орта мектепте математика және информатика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.
2003 жылы аудандық оқу-өндірістік комбинатына мұғалім болып ауыстырылған.
2004 жылы №9 кәсіптік мектепке экономика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.
2005 жылы Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2006 жылы Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды.
2012 жылы "№9 кәсіптік лицейі" МКҚК директор лауазымына тағайындалған. Кәсіпорынның қазіргі атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№9 Меркі колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып аталады.
Марапаттар
2007жылы "Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі еңбегі мен шығармашылық белсеңді көрсеткіші үшін" Меркі ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2013 жылы «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесі үшін және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен аудандық, облыстық іс-шараларға белсене араласқаны үшін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Меркі аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015жылы "Елбасы саясатын іске асыруда алға қойған мақсаттары мен міндеттерді орындауға белсеңді араласып, еліміздің қоғамдық саяси өмірінің жан-жақты дамуына атсалысқаны үшін" Меркі ауданы Әкімінің «Жыл патриоты» номинациясы бойынша марапатталды.
2015 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының «Ұжым мүшелеріне тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге және өңірдегі еңбек нарығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» алғыс хатпен марапатталды.
2017 жылы Астана қаласының «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру курсын өткізуге белсене қатысқаны үшін» алғыс хатымен марапатталды.
2017 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Облыс жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту және жас кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі мен еңбегі үшін» алғыс хатпен марапатталды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрінің «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы Елбасымыздың "100 жаңа есім" жобасын жүзеге асыру мақсатында жинақталып, жарық көрген "Алтын кiтап" ҚР білім жәнe Mәдениет саласында үздік қызметкерлердің республикалық энциклопедиясына енген "100 жаңа есім жеңiмпазы атанғаны үшiн Құpмeт грамотасымен марапатталды.
2019 жылы "Жамбыл облысы Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" қоғамдық бірлестігі "Білім саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін" Құрмет грамотасымен марапатталды.
2019 жылы "Нұр Отан" партиясының бағдарламалық мақсаттары мен мiндеттерiн ауданда жүзеге асыруға қосқан қомақты үлесi үшiн «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалының құрмет грамотасымен марапатталды
2019 жылы Қазақстан Республикасы білім және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына еніп, білім саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2021жылы «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы " Семей полигонының 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерiнiң "Студенттер лигасын" жоғары деңгейде ұйымдастырып өткiзуге қосқан үлесi үшін алғыс хатпен марапатталды.
2021 жылы Мемлекетаралық сараптама кеңесі төралқасының ұсынысымен Үлкен Халықаралық энциклопедиясына енгізіліп, "Үздік оқу орны" номинациясы бойынша «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жұмыстың тиімділігі және жетістігі үшін» 1 дәрежелі дипломмен және "Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды.
2021жылы Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Жамбыл облысының әкімнің алғыс хатымен марапатталды.
2021 жылы "Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы еңбектері үшін" Меркі ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
2022 жылы "Мемлекеттiк жастар саясатын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған "Әулиеата жастары" өңiрлiк бағдарламасын iске асыруға қосқан ұстаздық үлесi үшiн" Меркі ауданы әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмiнiң "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нiң алғыс хатымен марапатталды.





