Калысбаев Ерғали Бадамбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Калысбаев Ерғали Бадамбайұлы
    Депутат маслихата

    Калысбаев Ерғали Бадамбайұлы

    Меркі аудандық мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    Қалысбаев Ерғали Бадамбайұлы 1964 жылы 2 сәуірде Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келді.

    1978 жылы Меркі ауылындағы №18 Калинин мектебін бітірді.

    1978-1982 жылдар аралығында Тараз қаласы кәсіптік-техникалық училищесінде «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқып шықты.

    1984-1987 жылдар аралығында Қарағанды индустриалды педагогикалық техникумына оқуға түсіп «дәнекерлеу сабағының мұғалімі» мамандығы бойынша оқып шықты.

    2011-2014 жылдар аралығында Тараз Мемлекеттік Университетінде "Машина жасау" мамандығын оқып шықты.

    1987-1991 жылдары Талас ауданында дәнекерлеу сабағының мұғалімі. 1991 жылы Меркі ауданы кәсіптік-техникалық училищесіне ауыстырылды.

    1994 жылы Меркі ауданы кәсіптік-техникалық училищесіне директордың орынбасары қызметіне тағайындалды.

    1998 жылы Қазақстан жүргізушілер одағының көмекшісі болды.

    2006 жылы Қазақстан жүргізушілер одағы Меркі ауылдық филиалының басшысы болып тағайындалды.

    2011 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін жеке кәсіпкер.

    Марапат

    2012 жылы "Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер" Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2016 жылы Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлер ұйымдарының «Қазақстан Ардагерлер» қауымдастығы кеңісінің шешімімен Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен марапатталды.

    2019 жылы «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы еңбектері үшін» Меркі ауданы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

    2019 жылы Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовтың «Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай» Құрмет грамотасымен марапатталды.

    2019 жылы «Саттар Естемесов – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

    2019 жылы «Рухани Жаңғыру» Ұлт жоспары шеңберінде Дулат баба тарихын зерттеуде сіңірген еңбегі үшін «Мұхаммед Хайдар Дулати» медалімен марапатталды.

    2021 жылы Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының «Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының жұмысына, сондай-ақ өңірдегі кәсіпкерлік саласының дамуына қосқан қомақты үлесіңіз үшін» алғыс хатпен марапатталды.

    2021 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ белсенді депутаттық қызметі және өңірдің әлеуметтік-

    экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет Грамотасымен мараппаталды.

    2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

    2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың «Конститциялық реформаны табысты жүзеге асыруға және Жаңа Әділетті Қазақстанды құру ісіне зор үлес қосқаны үшін» алғыс хатымен марапатталды.

    2022 жылы «Үздік Депутат» 2022 төсбелгісімен наградталды.

    2022 жылы «№9 Меркі колледжімен білікті кадрлар қалыптастырудағы табысты ынтымақтастығы үшін» Білім Министрі А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері